Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  151


Автор: Исраил Сапарбай

Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ

Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ
Бiрi екен деп ақынның жалаңаяқ.
Сенiң құлқың – құныкер қу дүние,
Менiң мүлкiм – тар кепеш, табақ-аяқ…
Жүрген жан деп ойлама Жұмақ iздеп,
Жұмақ бiздi неғылсын, күнəмiз көп…
Талқанымыз таусылып қалғандай ма,
Ана қыз деп, жүргенде мына қыз деп.
Қалды дейсiң қай қызық қыздан басқа,
«Өлсем, орным қара жер сыз болмас па»?
Ауызға алып Алла атын ант етемiн
Қыздан басқа нəрсенi қызғанбасқа!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу