Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  123


Автор: Исраил Сапарбай

Эсмеральда

Сен жарылқашы жарлы жүрегiмдi,
Жоқ! Керегi жоқ сенсiз бұл өмiрдiң!
Көк Тəңiрi, кешiре гөр, бар ма амалым,
О, Эсмеральда – қасiреттi қалауым.
Кiм себедi жүрегiме жарықты?
Кiм елейдi мендей бейбақ ғарiптi?
Мен аһ ұрдым, армандадым, қайғырдым,
Күндiз күлкi, түнде ұйқымнан айрылдым.
Өзге бақыт тiлемеймiн Тағдырдан:
Жалғыз түнгi лəззатыңа жан құрбан!
Сен өз қолыңмен маған бақыт сыйлашы,
Кел, өзге жанға өмiрiңдi қимашы.
Мен бақыттың не екенiн бiлмей келiппiн,
Жүрегiмнiң қатқан мұзын қайта ерiттiң.
Мен ақымақпын, есуаспын, есалаң,
Өз күнəмдi өзiм қалай кеше алам?
Сен – сылаң қаққан сиқыр қызы сығанның,
Азабыңа, мазағыңа шыдармын.
Өзге бақыт тiлемеймiн Тағдырдан:
Жалғыз түнгi лəззатыңа жан құрбан!
Сен аян бердiң түсiмде, Эсмеральда,
Сен – қолға қонған құсым, Эсмеральда.
Кел, құшағыма ен,
талдыршы естен тəттi лебiңмен,
Беу, бейкүнə Перiштем-ау түскен көгiмнен.
Əлде, əлде… өзiң бе едiң тəттi арман,
Көз ұшынан бiр көрiнiп жоқ болған?
Мен құшағыңда өртенейiн, жанайын,
Күндiз құлың, түнде жарың болайын.
Өзге бақыт тiлемеймiн Тағдырдан:
Жалғыз түнгi лəззатыңа жан құрбан!
Күндiз-түнi шықпай қойдың сен естен,
Есiмдi алған – есiл жалған емес пе ең?
Əлде, əлде… өзiң бе едiң тəттi арман,
Көз ұшынан бiр көрiнiп жоқ болған?
Өзге бақыт тiлемеймiн Тағдырдан:
Жалғыз түнгi лəззатыңа жан құрбан!
Эсмеральда…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу