Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  114


Автор: Исраил Сапарбай

Жарық күнге жан – малай

Жарық күнге жан – малай,
Жарығым-ау хал қалай?
Қарап жүрмей, екеумiз
Қақ бөлiндiк алмадай.
Қақ бөлiнген алманы
Қайдағылар жалмады.
Тағдырымның талғажау
Тамтығы да қалмады!
Құбыжық өң, құл бетпiн,
Құла дүзде гүлдеппiн…
Iрiп кеткен iшiмдi
Iбiлiске iндеттiм.
Сайтан күлдi оң жақтан,
Сайқал күлдi сол жақтан.
Арылмады-ау өмiрiм
Айнымалы сор, бақтан…
Жақыннан да безiндiм
Қатыннан да безiндiм!
Құлап жатып жыладым,
Жылап жатып көз iлдiм…
Мен де бүгiн – жарты алма,
Сен де бүгiн – жарты алма.
Əжiм сызар жүрекке
Əр түскен дақ, əр таңба…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу