Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  114


Автор: Исраил Сапарбай

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Аспанда емес,
Алты қаздың əуенi
Алты қырдың ар жағынан құмығар.
Көздерiнде көлдей мөлдiр мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң, кiм ұғар?
Қара аспанның қарс айрылып қабағы,
Жаратқанның күнi қашан жылынар?
Көмбесiнде көпке жұмбақ сыры бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Жан жұртымнан
(Жатып алмай ен жайлап)
Ендi қашан ерiр екен сүрi қар?..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу