Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  115


Автор: Исраил Сапарбай

Менi қалап, менi ұғатын жан барма?

Менi қалап, менi ұғатын жан барма?
Мейiрiме қанығатын жан бар ма?
Оңашада қалғанда бұл жалғанда,
Сағынатын, қамығатын жан бар ма?
Қолтығымнан демейтұғын жан бар ма?
Есiркейтiн, елейтұғын жан бар ма?
Перiштедей перi соққан пендесiн
Желейтұғын, жебейтұғын жан бар ма?
Менi сүйiп, ұнататын жан бар ма?
Жылататын, жұбататын жан бар ма?
Құдайына құлдық ұрып, құзырын
Құбылаға құлататын жан бар ма?
Қолтықтағы қос қанатым талғанда,
«Қош дəурен…» деп
қорымжайға қонғанда,
Екi кештiң арасында елжiреп
Еске алатын,
Кеш қалатын жан бар ма?



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу