👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  38


Автор: Исраил Сапарбай

Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?!

Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?!
Ыстық қан ындыныма құйылғандай.
Сыймайтын сахнаға сылаң қағып,
Сыған да құдайына сиынғандай.
Қайталап қас-қабақпен əн ырғағын,
Мақаммен майда, мəйiн мамырладың,
Қунайды құлыншақтай құрғыр көңiл,
Тулайды тыным таппай тамырда ағын...
Есенин есi кеткен Дункансың ба?
Еркiмдi ес жидырмай құртарсың ба?
Қан қызыл кеседегi шарап болсаң,
Қайран-ай,
қалмас едi-ау бiр тамшың да!
...Тағы да босап қалды тостағаным,
Тап содан табылмай тұр басқа амалым.
Көмкерiп жан сарайын сала берер
Төңкерiп тана көздi тастағаның!
Мың мақам жайылғандай мұқым баққа,
Мысықкөз мияулайды мықын жақта...
Көгiлдiр көбелегiм көзден ұшып,
Көңiлдiң көмейiнде жұтылмақ па?
Илiгiп иегiңмен ым қаққанда,
Ұқсаймын перi соғып, жын қаққанға.
Қапысыз қанжығамды қандар ма едiм,
Қалқам-ай, түсер болсаң шындап қолға!..
Билешi,
Бұлаңдашы,
Сылаңдашы,
Қанғанша қу құлқынның құмар, хошы.
Сиқырлы сазға елiткен, назға елiткен
Iнiне қайта кiрсiн жылан басы!..

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы