👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  31


Автор: Исраил Сапарбай

Сенде – лəззат

Сенде – лəззат,
Сенде – ақыл,
Сенде – көрiк.
Сен – Перiште,
Мен жүрмiн пенде болып.
Алмай қоймас ажалдың елшiсiндей
Ауруымнан айықтыр,
Емде келiп.
Көбелектей, тым құрса, көзге көрiн,
Жебеушiм жоқ өзiңнен өзге менiң.
Қанатыңмен желпiсең жан отымды,
Қара түннен жарыққа кез келемiн.
Қалыңдатпа қайғымды,
Қамықтырма.
Көп күттiрме,
Шектен тыс зарықтырма.
Қара түнде қарманып iз кеспесем,
Жарқ етпесi белгiлi жарықтың да!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы