Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  152


Автор: Исраил Сапарбай

Тəн лəззатын таба алмай, жан құмарын

Тəн лəззатын таба алмай, жан құмарын
Сан жұлдызға телмiрiп сандырадым...
Көзiңдегi көлiңдi сарқып iшiп,
Қашан ғана шөлiмдi қандырамын?
Талшыбығым,
Майысқақ талқұрағым,
Сенсiз қалай күн кешiп, қам қыламын?
Жалын құшып, жан-денем оттай ысып,
Балыңды iшiп тауыса алмай балбырадым.
Тоқтау бiлмей тоңмойын арғымағым,
Толқын-толқын сезiмдi жарға ұрамын!
Алып қашып барады əлдене күш
Қайтқызбай да айтқызбай арғы жағын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу