Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  126


Автор: Исраил Сапарбай

Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң?

Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң?
Сəуiрдiң, əлде самал лебiмiсiң?
Жаңылмай, жазбай тапсам, жазығым не,
Жаралған жан екенсiң менiң үшiн.
Мен үшiн рас болса жаралғаның,
Сездiршi тордан шығар шамаң барын.
Құмында құлан жортқан қу медиен
Мен де бiр Барсакелмес аралдамын...
Мен үшiн жаралғаның анық, қанық!
Бұл сөздi қайталаудан жалықпалық.
Қара түн жамалыңды көрсетпейдi
Қанатын Қарақұстай қағып қалып.
Көлеңкең күндiз бар да түнде ғайып,
Күн батып,
Ай туғанда бiр болайық.
Құдайдың көктен түскен Перiштесi
Құдай-ау, маған емей, кiмге лайық?!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу