Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  82


Автор: Дәркен Танабаев

Қазаққа да дүние керек

Қазаққа да дүние керек қолы кең,
Қазып жүрміз баяғы одақ жолымен.
БУ-75 қондырғысын қосамыз,
Санасатын біздер ме екен онымен.
Дизель мотор гүрілдеген Жәкемнің,
Мамырлаған қаз даусындай секем үн.
Роторды* айландырсаң болғаны,
Қыдыр ағам көрсетер қазудың не екенін.
Кигіземіз долотасын* ауыр құбыр басына,
Квадратты* АБК*- мен қондырамыз қасына.
-Қос сорапты, жібер майлы сұйықтан,
Құм ба, саз ба, қарамаймыз тасына.


 





Долото*-бұрғының басына киілетін күрекше.
Ротор*-бұрғыны айналдыратын қондырғы.
Квадрат*-колоннаны жалғайтын қондырғы.
АБК*-құбырларды жалғайтын автомат.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу