Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  93


Автор: Дәркен Танабаев

ҚЫС

Ақша бұлттар уыстап,
Ақ ұлпасын себеді.
Ақ боранның жыны ұстап,
Сай-салаға төгеді.
Кезуші еді серідей,
Ыңылдайды жыланып.
Ұлып жатыр бөрідей,
Қайғырып жүр бұл анық.
Ақ көрпесін жамылып,
Ақ мамыққа оранып.
Ағаштар да таңылып,
Ақ тон киген жер алып.
Аппақ қыр да, қала да,
Боран соғар сермеп кеп.
Қыс суретін салады,
Әйнектерге өрнектеп.
Мұржалары будақтап,
Шатырларға мұз қатып.
Аяз ата жүр ақтап,
Жер мен көкті мұздатып.
Уайым қағып үлкендер,
Не болар деп түбі анық.
Сырғанайтын болдық деп,
Балалар жүр қуанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу