Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  384


Автор: Дәркен Танабаев

ҚЫЗҒАЛДАҚ

Қырқада өскен қызарып,
Көзіме шоқтай басылған.
Сүйкімді сұлу бүр жарып,
Жұпары аңқып ашылған.
Даланың ару еркесі,
Қызғалдық әсем бұралған.
Көк майса теңіз жер төсі,
Жүректе жанған бір арман.
Орамал бұлғап ғашығым,
Шақырып мені тұрғандай.
Жетемін қазір, асылым,
Сағынған мен де сормаңдай.
Шоқ жүзің шыққа малынған,
Көзіңнің қалқам жасыма.
Сұлуға арнап тағылған,
Алмастың мөлдір тасы ма.
Жұпарың жанға бақ абат,
Жанары сенде елдің де.
Ұмыт боп кеткен махаббат,
Қызғалдақ гүл боп келдің бе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу