Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  84


Автор: Дәркен Танабаев

Соғып тұр тынымсыз....

Соғып тұр тынымсыз сағатым,
Бір сәтке таппайды тағатын.
Төрлетсін төріме «жаңа жыл»,
Он екі! сермесін қанатын.
Шараптан толтырып құйыңдар,
Достарым! тілегім сыйым бар.
Бұл жылдың ең соңғы минутын,
Өтінем өзіме қиыңдар.
Өткен жыл өткізіп кезегін,
Көп нәрсе сыйлады сеземін.
Еске алсам мазасыз кей күнді,
Өкініп өртенер өзегім.
Жаныңа нұр сезім сыйлайтын,
Күндер-ай гүлден бал жинайтын.
Күндерім өтіпті бергісіз,
Бір жыл не, он жылға қимайтын.
Өзіме беретін есебім,
Жыл отыз баз өмір кешемін.
Қателік көп менде санасаң,
Бойымнан табылар неше мін.
Әйтеуір тіршілік, күн ғайып,
..Дидардың дауысын ұлғайыт.
Халқына тілегін жолдайды,
Алдымен елбасын тыңдайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу