👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  53


Автор: Исраил Сапарбай

Алып кетшi аспанға менi, жаным

Алып кетшi аспанға менi, жаным,
Қара жерде қалқайып неғыламын?
Бүгiнде қайырымның халi мүшкiл,
Бүгiнде шайырыңның шерi қалың.
Алып кетшi аспанға, қиыр жаққа,
Қара жер маған мəңгi бұйырмақ па?
Ақын кiмдi, апырай, арқа тұтпақ,
Бақыр ғұрлы қадiрiм, сыйым жоқта?..
Алып кетшi көгiңе – ана ауылға,
Аңсарым да сол менiң, қалауым да.
Қарап өлгiм келедi ақ жүзiңе
Қара жердiң қалғанша қамауында.
Алып кетшi...

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы