Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  347


Автор: Ілияс Серімұлы

Есімдегі Бесқарағай сарындары

Есімдегі Бесқарағай сарындары


Кешкілікте ақ жаудырған жалындары


Қарасуға арайлаған тоғай жүзі


Тербелеген Ертісімнің ағындары


 


Қалдырмайды жағалаудын серіктігі


Жағалаған бос жарымнын беріктігі


Жер тес болып мәңгілікке қалатындай


Елесімде бір жайнаған еріктігі


 


Алтын құмның рахатында отырғанда


Алтын күнге жаңылмаған ару жандай


Қарағайлы ордасында сүйіп өскен


Күн батыстын ажарлығы сұлу қандай


 


Ертісімнің бойы ұзын, кең ау еңі


Табиғатпен аруланған байтақ жеңі


Бір жағымы екіншіден аспай түссе


Көркіміне шыдатар ма жанның демі


 


Қара Ертіс жара Ертіс жүрегіме


Сені жалғап өмірімнің тірегіме


Қайран дала сарыарқа бауырлары


Алтын бесік Алтайымның тілегі ме


 


Күн шығыстан жалғасады батысына


Жұбатқандай өзенімнің ағысына


Еріктігім жанарлығын тілегенмін


Қарағанмын бұл өлкемнің бағысына




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу