Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  148


Автор: Исраил Сапарбай

Мағжанша

Сүй тағы да, сүй тағы да, сүй тағы,
Еркем, гүлiм, ернiң қандай шипалы!
Ессiз күйде елжiретiп, ерiтiп
Бара жатыр жанды, тəндi, құйқаны...
Тағы да сүй, тағы да сүй, тағы сүй,
Еркелеуiң, өртегенiң – бəрi сый.
Тəңiр сыйы емей бiзге немене
– Таныс үйде тар төсекте табысу!
Сүй тағы да, сүй тағы да, сүй, жаным,
Лаула, жаула, өн-бойыма құй жалын!
Шапағатқа толсын кеүдем шүпiлдеп,
Махаббатқа болсын кəмiл иманым.
Сүй тағы да, сүй тағы да, сүй, жаным...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу