Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  109


Автор: Исраил Сапарбай

Тынысымды тыңдашы

Тынысымды тыңдашы,
Тынышымды ұрлашы.
Оңашаға шақырып,
Орамалың бұлғашы.
Толқын шашың өрiлсiн,
Күмiс күлкiң төгiлсiн.
Құлын денең құлшынып,
Құшағыма көмiлсiн.
Қунап, тулап құс кеуде,
Бiлмей қалып түс пе, өң бе –
Перiштедей ғайыптан
Ұқсай қалшы түскенге!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу