Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  121


Автор: Исраил Сапарбай

Шақырма, шақырмашы биге мені

Шақырма, шақырмашы биге менi,
Ауызым сол құрғырдан күйген едi..
Қарағым, мен мүбада билей қалсам,
Қара жер қамырдайын иленедi!
Ашылып алабөтен Ай қабағы,
Жұлдыздар шыркөбелек айналады.
Қаланың құшағынан қашып шығып
Кетедi əуен кезiп айдаланы.
Қарағым, мен билесем сенiменен –
Еримiн,
Елжiреймiн,
Емiренем...
Талайлар бұл алаңда абайламай
Табанын шоққа басып... еңiреген.
Қапыда сен де жылап қалма, жаным,
Ашқарақ көзге түсiп алма жағың...
Шабыңнан шайтан түртiп бұл алаңда,
Бұл алаң тамашалар тəн ғажабын.
Қып-қызыл от қой, шоқ қой би алаңы!
Қызылды бүркiт шалар қиядағы.
Құрышын қыршын дүние бiр қандырып,
Тынысын тылсым дүние жиi алады.
Қанды ауыз қасқыр күйiм, қасқа күйiм
Аңдаусыз тамырыңды басса, қиын.
Ақылға бiрде алдырса, бiрде алдырмай,
Онсыз да жүр ғой ойнап баста құйын...
Шақырма, шақырмашы биге менi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу