Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  136


Автор: Исраил Сапарбай

Жанарыңда жаз күні жайнағандай

Жанарыңда жаз күнi жайнағандай,
Таңдайыңда таң құсы сайрағандай.
Балдай тəттi лебiзiң балбыратып,
Алпыс екi тамырды жайлағандай.
Жалғыз ауыз сөзiңнен «жаным» деген
Жас жiгiттiң жүрегi жайрағандай.
Бiр мiнiң жоқ сызылған тал бойыңда,
Қатар өскен ұқсайсың тал-қайыңға.
Қай жiгiттiң бұйырып маңдайына,
Қай жiгiттiң қарайсың хал-жайына?
Құдай өзi сұлу ғып жаратқан соң
Күз келсе де хақың жоқ сарғаюға.
Сəмбiталдай сəн қандай, сымбат қандай?!
Жұпар сеуiп маңайды гүл жапқандай.
Үлбiреген ерiннен уыз дəмдi
Уылжыған бiр сезiм үн қатқандай.
Зеренiңде – көзiңнiң тереңiнде
Жан баласы бiлмейтiн жұмбақ бардай...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу