Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  199


Автор: Исраил Сапарбай

Айым келедi, сүйiншi, Күнiм келедi!

Айым келедi, сүйiншi, Күнiм келедi!
Күлгенi қандай десеңшi, күлiмдегенi?!
Жүргенiн көрсем,
Бөлмеге кiргенiн көрсем,
Денемдi менiң дегбiрсiз дiрiл көмедi.
Күнiм келедi менiң, Айым келедi!
Ай нұрын желең, жамылған қайың денелi.
Ол келсе болды – жамырай алдынан шығып,
Жұмақтың күллi қыздары жайын бередi.
Айым келедi менiң, Күнiм келедi –
Құбақан жүздi,
Гүл өңдi,
Құлын денелi.
Əп-сəтте ұмыт болады,
Абыржып iштен
Айбозым таңға көзiмнiң iлiнбегенi.
Айым келедi, сүйiншi, Күнiм келедi!
Албырап гүлдей қызғылт қан жүгiрген өңi!
Алтыннан артық алқымнан төгiлсе шапақ
Ақ тамағынан ақ таңның сiбiрлегенi!
Күнiм келедi менiң, Айым келедi!
Айым келедi менiң, Күнiм келедi!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу