Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  321


Автор: Исраил Сапарбай

Алақанымнан ұшқан аққуым

Жанарға

Алақанымнан ұшқан аққуым,
Барасың ұзап шалғайға,
Қанатың, қалқам, талмай ма?
Жаныңа медет болғай да
Жазылған тағдыр маңдайға.
Желкiлдеп өскен құрағым,
Еркiндеу өскен, шырағым.
Əкеңнiң бар ма арманы,
Табылса теңiң, сыңарың.
Қарлығаш қанат, қарағым,
Қайырлы болсын қадамың.
Өзiңсiң ендi елшiсi
Енжайлау – екi араның.
Алақанымнан ұшқан ақ құсым,
Бiр үйге сен де бақпысың...
Алыстап бара жатқаның
Арқама менiң батты шын.
Ағайын, туыс, үй, ана..,
Жақынын жатқа қия ма:
Ақ ордаң, алтын бесiгiң –
Келiп тұр ұшқан ұяңа.
Жақсыда жаттық болар ма,
Жаманға көңлiң толар ма.
Жұбыңмен келiп тұрғайсың,
Жалғыздан-жалғыз оралма.
Қош аман, қызым, қош аман,
Көңiлiмдi қайтем босаған...
Алдыңнан ашсын бағыңды,
Аттаған жаңа босағаң.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу