👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  35


Көрісу күні құтты болсын, ағайын!!!

Босағадан аттады Амал келіп,
Мен қуандым өзіңді аман көріп.
Кел қанекей жақсылап көрісейік,
Достығымыз көрінсін қамал болып.

Көз алдымнан өткеріп өткенімді,
Таң атқанша түн ұйқым төрт бөлінді.
Мен ұмытам өкпемді саған деген,
Сен де тоқтат сыртымнан сөккеніңді.

Тазаланып, тұрғандай мінәжатқа,
Келтірейік көңілді қырағатқа.
"Кешір! " дейік біріміз бірімізге,
Өкпе-назды өртейік ұран-отқа.

Аз ғұмырда адаспай, теріс өріп,
Көктен жауған ырысты бөліселік.
Жақсымызға басқалар жұғыссын деп,
Келші қане, екеуміз көріселік.

Құдайберлі Мырзабек

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы