Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  205


Автор: Мерген Тоқсанбай

Саған жазған өлеңдерді, хаттарды...

Саған жазған өлеңдерді, хаттарды,
Сенің атың жазылған сол ақ қарды,
Біз танысқан ақпанды,
Бірге өткізген ең әдемі шақтарды,
Ұмытамын, көресің!

Саған айтқан сырларымды, мұңымды,
Жүрегімде сақтап жүрген гүлімді,
Сүйіп қалған күнімді,
Оттай жанған сағынышты бұрынғы,
Өртке айналған өкінішті бүгінгі,
Ұмытамын, көресің!

Сен ұнатқан бар керемет, ғажапты:
Сен жүретін көшелерді, алапты,
Сен таңдаған далапты,
Әтірлерді, тәттілерді, тамақты,
Сен тұратын және алтыншы қабатты,
Ұмытамын, көресің!

Болды осымен бітсін бәрі! Шаршатты,
Мен есіме енді алмайын бал шақты,
Бізге тағдыр қарсы ақты.
Қоса алмаған сорлымыз ба, алшақты?

...Бәлкім, тағы бір ойланып көрерсің?
Тамағыңнан иіскеген түн аңсатты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу