Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  120


Автор: Исраил Сапарбай

Қызығымен баурар дейсің қай бір күн

Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн.
Осыны ойлап қамықтым да қайғырдым.
Аруды аңсап айлы кеште айтар əн,
Кешiктiң ғой, кемелiңе қайта орал.
Балғын шалғын,
балауса бақ,
бал шағым,
Кiрпiгiме жақұт тағып, моншақ iл.
Өткен кездi ойлай бермей мен ендi
Өкiнтсем де, өксiтпейiн өлеңдi.
Қыз көзiне көп қарайтын қу басым
Сезер қайтып серi күннiң тумасын.
Сезгенi де отырған соң мұң шағып,
Ей, Жастық шақ,
опасыз ба ең,
мұншалық?



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу