Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  127


Автор: Исраил Сапарбай

Күн тусын деп басыма кенен, дархан

Күн тусын деп басыма кенен, дарқан,
Өзектегi сөзiмдi өлеңге артам...
Ай-күнiңнiң бiлдiрiп амандығын
Хабар алып тұрсаңщы менен, қалқам?
Хабар алып тұрсаңшы күнара бiр,
Iздегенiң,
Мен болып сұрағаның.
Жер бетiнде қыз болып нағып жүрсiң,
Бiле алмасаң қадiрiн бiр ағаның?
Алдын барлап арман мен мұратыңның
Əлi талай сыр ашып, жыр оқырмын...
Бiрегейiм деп саған қалай келем,
Бiле алмасаң хал-жайын бiр ақынның?
Алты қырдың астынан əн қайырған
Тəттi əуезiң кетпесiн таңдайыңнан.
Құм iшiнде құмыққан үнге ұқсамай,
Хабар алып тұрсаңшы хал-жайымнан,
Хабар алып тұрсаңшы хал-жайымнан...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу