16.10.2021
  674


Автор: Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) романтикалық өмірінен бір үзік сыр - 7 сабақ

ЖЕТІНШІ сабақ. Ерлі-зайыптылар бір-біріне – киім. Алла Тағала Құранда «Бақара» сүресінің 187-аятында: «(...өйткені, бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер...» деп баяндайды.


Пенделік, яғни шектеулі көзқараспен пайымдасақ, адамды суықта тоңдырмайтын, ыстықта күйдірмейтін – киім. Әуретті жерді жабатын да, сыртқы соққыдан қорғайтын да – киім. Бәрінен бұрын адамға, оның денесіне ең жақын зат – киім. Алланың ерлі-зайыптылардың жағдайын түсіндіруде «киім» сөзін пайдалануының бұдан басқа хикметі көп-ақ... Киім секілді ер мен әйел – бір-біріне қорғаныш, сүйеніш, бір-бірінің ар-ұятының абыройы, өмірлік жолдас, т.б.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу