Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  161


Автор: Дәркен Танабаев

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ТІЛЕК

Уа,жарандар!
Құттықтаймын!
Жаңа жылдық тілегім.
Жұмыр жерге
Тіршілікке
Тек тыныштық тіледім.
Жарылмасын
Бомбаларың
Қирамасын қалалар,
Аналар мен
Сәбилердің
Пәк жүрегін жаралар.
Етегінде
Жетегінде
Жүрміз жалған тірліктің,
Қадірі мен қасиетін
Ұмытпайық бірліктің.
Шарықтаңдар
Қалықтаңдар
Биіктерге ұшыңдар.
Аялаңдар
Аймалаңдар
Бақыт құсын құшыңдар.
Армандаңдар
Қам қалмаңдар
Өмір сырын ұғыңдар.
Жалындаңдар,
Жарқыраңдар
Алаулаңдар жаныңдар.
Күрсінбеңдер
Дүркіреңдер
Таусылмасын армандар.
Шүкір, шүкір,
Бұл күнге де
Жете алмай қалған бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу