Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  527


Автор: Дәркен Танабаев

СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ

Білімсіз өмір шыңырау,
Арманға барар жол мынау.
Ашайық білім есігін,
Сыңғырла күміс қоңырау.
Өмірдің шешіп жұмбағын,
Ұғайық ғалам сырларын.
Сыңғырла күміс қоңырау,
Аттайық алға бір адым.
Өнердің жолы мың бұрау,
Сыңғырла күміс қоңырау.
Ұстаздан ұғып ұлағат,
Гүлдерге толсын омырау.
Жайқалған дала гүліндей,
Шаттанған достар үніндей,
Сыңғырла күміс қоңырау,
Өтеді уақыт білінбей.
Сыңғырла күміс қоңырау,
Сапарың сәтті болсын деп,
Ақылың асып толсын деп.
Білімнің жағып шырағын,
Басыңа бақыт қонсын деп.
Сыңғырла күміс қоңырау!
Сыңғырла күміс қоңырау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу