Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  108


Автор: Дәркен Танабаев

ҚАДЫР МЫРЗАҒА

Әр ғазалың өн бойымды билеген,
Жалын шарпып бала омырауымды.
Жастап жаттым көз ілгенде түнде мен,
Сыңғырлаған «Күміс қоңырауыңды»
Махабаттың үйір болып дәміне,
Ғашық жүрек таусатұғын сабырын.
Жалындаған жастық кештің сәніне,
Ғашық жырын жатқа оқыдым Қадырдың.
Шерттім талай «Домбыраңның»пернесін,
Жыр көгінде қалықтайсың қырандай.
Даналықтың жасапсың сен көрмесін,
Жүз қайтара оқитынмын құрандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу