Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  166


Автор: Дәркен Танабаев

АРУ КӨКТЕМ

Жадыраған жасыл гүлді көйлегі,
Таң нұрымен ару көктем келеді.
Күлім қаққан шат көңілді жанары,
Кең әлемді қуанышқа бөледі.
Тау белдерін аралайды жағып нұр,
Жылғалармен төмен қарай ағып жүр.
Қыраттарға гүл боп шықты жайқалып,
Жыл құстарын өзіменен алып жүр.
О, тоба-ай! бұл неғылғын өр еді,
Қатал қыста ол да өзінше ер еді.
Мұз жүрегі жібіп, алау сезімге,
Өз кезегін гүл көктемге береді.
Ару көктем, неткен жаның кең еді,
Жүрген жерің ән мен бидің кезегі.
Бейқам жатып қатып қалған қурайдың,
Діріл қағып бүр жарыпты өзегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу