Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  135


Автор: Дәркен Танабаев

АНАШЫМ

Анашым менің жан анам!
Күлімдеп күндей қараған.
Аналық ыстық сезімің,
Бойыма нәр боп тараған.
Анашым менің жан анам!
Кетпейсің бір сәт санамнан.
«Құлыным, қалқам, күнім» деп,
Бағына мені балаған.
Анашым менің жан анам!
Періштем жебеп қорғаған.
Өнеге алып өзіңнен,
Жан балаң биік самғаған.
Анашым менің жан анам!
Өзіңмен жайнар бар ғалам.
Тербеген ана әлемді,
Жырламау сені ар маған.
Үмітті ақтар жан балаң,
Анашым менің жан анам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу