Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  121


Автор: Дәркен Танабаев

Күміс сәулең...

Күміс сәулең
түнді нұрға бөлеген,
Аруымды
көктегі айға теңегем.
Ғашықтарға
шуақ беріп жебеген,
Махаббатқа
табынумен келем мен.
Құдірет күн
тұрып түнгі көрпеден,
Шапағыңа
сәлем берем ерте мен.
Жылыта алмай
қойдың тонған жүректі,
Қаршадай қыз мені қалай өртеген?!
Самал желдей
кезген тауды, даланы,
Кезетінмін гүлге толы қаланы.
Күн бағыстай күн көзіне байланған,
Жанарымда
жәудіреген жанары.
Таң шапағы
сенсіз сірә атпаған,
Күн шуағы өзіңнен соң аттаған.
Ғашық жұлдыз қол жетпесте жатсаңда,
Сезім нұрын
жүрегімде сақтағам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу