Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  131


Автор: Исраил Сапарбай

Ес жиғанда жолығып елесіммен

Ес жиғанда жолығып Елесiммен,
Шығара алмай жүрмiсiң менi есiңнен.
Бiрге бола алмасақ,
Ғайып-ана
неге туған бiздердi?
Неге өсiрген?
Елесiм жүр жаныңда ...
өзiм кəнi?
Кiлки ме, əлде, көкмұнар көзiңде əлi...
Сыбырлай ма түн iшi бiреу келiп,
Шымырлай ма денеңде сезiм балы?..
Тербете ме жаныңды тəттi қиял,
Дүниенiң дəметiп шаттығынан.
Əлде, əлсiз, дəрменсiз сол Елесiм
Жарым түнде жаныңда жатты ма ұяң?
Ойша құшып,
ойша өбiп жатты ма жəй,
Əлде... айрылып есiнен, тапты ма жай?..
Халiң сенiң сол түнi қандай болды?
Таңың сенiң сол күнi атты қалай?
Елесiме алданба,
Маған емiн, –
Алдында тұр алғаусыз жан əлемiм.
...Қара түннiң көзiнен тамып түскен
Нақақ жас па деп қалам қара меңiң...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу