Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  122


Автор: Дәркен Танабаев

Ақылыменен азаптап,

Ақылыменен азаптап,
Жүрегіменен сыйлайды.
Әзіліменен мазақтап,
Қылығыменен қинайды.
Айтқаныңды «жөн» -дейді,
Ойыңа бірақ көнбейді.
Аймалап күндей өппейді,
Қасыңнан тағы кетпейді.
Тұла бойы балқыған,
Жұмақты сәулем қимайды.
Талықсып көкке шалқыған,
Еріксіз есін жинайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу