Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  137


Автор: Дәркен Танабаев

****

Қарағым-ай! Құралай көз ақ маңдай,
Сенсіз ойым бір-біріне жалғанбай.
Жүрегімді саған ғана тапсырып,
Жанды жалғар кәусәр іздеп барғандай.
Қарағым-ай!Аққу мойын, бал таңдай,
Көл бетінде сырғып келе жатқандай.
Күміс күлкің көмейіңнен сыңғырлап,
Бота көзің жаңа атқан ақ таңдай.
Қарағым-ай! Мен аңсаған бақ қандай,
Келсең екен ақ маралым жасқанбай,
Қалқам, сенің тәңір берген болмысың,
Жүрегіме сөнбес алау жаққандай.
Қарағым-ай! Керік қасты келбеттім,
Арманымнан бағыма қон төрлеткін.
Өзің жаққан махаббаттың шырағын,
Сөндірместен мәңгілікке тербеткін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу