Өлеңдер ✍️

  15.10.2021
  126


Автор: Дәркен Танабаев

ДОС СЫРЫ

Көк бақырын бұлдаған,
Заманым бар құлдаған.
Бармақ тістеп өкіндім,
Тал қажау қып далада
Жүре бермей жан аға,
Жол жүруге бекіндім.
Соқыр тиын іздеген,
Күні құрсын арықтың.
Шыдатпайды екпіні,
Әб жыландай нарықтың.
Күдікпен ел қарайды,
Қиындықтан жасыман.
Адам болсам жарайды,
Өз қотырын қасыған.
Салса тағдыр табаға,
Үйде қалай қаларсың.
Досым біздің үйге де,
Көз қырыңды саларсың.
Қалқам менің қамықпа,
Тек күтуден жалықпа.
Қорғау үшін арымды,
Болмау үшін масқара
Салам енді барымды.
Жұмыста көп қалада,
Жұрттың көбі көлікте.
Алаң болма жан ана,
Жан емеспін желікпе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу