Өлеңдер ✍️

  15.10.2021
  244


Автор: Дәркен Танабаев

ЖЕТІ АТА


Өмірзақ көкем шежірені құрайтын,
Бала күнде жеті атамды сұрайтын,
Алты атамды айтатынмын тақылдап,
Жауап беру өзіме де ұнайтын.
Жеті атамның білдім кейін дерегін,
Іздеген жан табады екен керегін.
Қазір менен сұрамайды, сұраса,
Жетінші атам қарт Қазығұрт дер едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу