Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  165


Автор: Иран-Ғайып

Жарасқанға

І
Жанды салып азапқа,
Басты тығып
Тозаққа –
Үйттік –
Білмей дал болдық,
Не керегін Қазаққа?!
Ырысы да бұйырмай,
Ұлысы да бұйырмай:
Көткеншектей береді –
Өртте қалған сиырдай!
Дерті меңдеп талайғы –
Бұздық ағза-сарайды:
Қос өкпеміз қабынып,
Жүрек қаны қарайды.
Қиратардайын қалыбын,
Өшірердейін жарығын –
Өктемсінген өгейлер
Басса екен деп шалығын –
Халық қамын ойладық –
Қазығында байланып:
Түк бітірмей таусылып –
Жүдеп-жадап, Жайрадық!
Бүйректі де шіріттік,
Бауырды да іріттік:
Елдің жоғын таба алмай –
Тән қасқырын ұлыттық!
Жанарға жас кептеліп,
Шетен шығып шеттедік:
Сөзімсіз де өтпеді,
Өзіміз де өтпедік.
Әдіре қалып жырымыз,
Жетпеді зар үніміз:
Бұта көрсе саритын –
Иттен кейін күніміз...

ІІ
...Жүрмейді іш-дәрет,
Зыр жүгірткен әлек –
Опасыз
Бұ Фәнидің
Атасына – нәлет!
Шаршадым мен...
Досым,
Қалай көңіл-хошың –
Ұзатуға Бақиға
Түзік пе Өмір-Көшің?!..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу