Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  158


Автор: Иран-Ғайып

Күнім — менің

(Еркін Жаппасұлына)

Туған Інім –
Емес,
Одан –
Бетерсің!
Тағдыр,
Бізді,
Етті –
Осылай...
Нетерсің?!
У –
Арақтың,
Қайтаратын –
Уытын,
Шараптан да,
Шипалысың –
Шекерсің!
«Өліп» –
Барып...
Тұрғанда,
«Бас» –
Жазысып:
Кінәздайсың,
Кем –
Сөйлейтін,
Аз –
Ішіп...
Інім –
Емес,
«Індетімдей»,
Кей –
Інім:
«Көзден» –
Таса...
«Көрімді» –
Кең...
Қазысып!

Шылымнан да,
Мәңгір-Мауық –
«Кайфсың!»
Сені –
Көрсем,
Бабыма –
Енем,
Байып –
Шын!
«Інім!» –
Деген:
Бекер!
Бос –
Сөз...

Әншейін!
«Інім!» –
Емес,
«Күнім!» –
Деуге,
Лайықсың!

Күнім –
Менің!
Шығатұғын –
Қарсы алып!
«Көкем –
Келе жатыр...» –
Дейтін,
Жар –
Салып!
...Әлі,
Тірі –
Жүргеніне...
«Көкеңнің»,
Бүкіл Ғалам –
Қарайтындай,
Тамсанып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу