Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  409


Автор: Исраил Сапарбай

Бойжеткен

Сыр бермеген сыңаймен сынай қарап,
Қиғаштайды қима қас, қынай қабақ.
Қыз баланың қылығы қыл үстiнде,
Қыл үстiмен қиямет кiм ойнамақ!
Көрген кiсi күйбежек күйге енетiн,
Ақ күмiстен балқытып құйған етiн
Сұлулықтың сиқырлы сұсы бар-ау,
Қас батыр да илiгiп, именетiн!
Өзгелердiң елемей көз қарасын,
Бiлетiн жан өстедi өз бағасын.
Жүрек шiркiн жүрек пе, Он бесiнен
толған айға саусағын созбағасын?!
Көңiлiмнен көшкендей көктем елi.
Өзегiме өкiнiш кептеледi.
Қандай азап? –
Сұлуды көрiп тұрып,
Сол сұлуға қолыңның жетпегенi!
Өлердегi сөзiңнiң өтпегенi!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу