Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  169


Автор: Исраил Сапарбай

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар,
Алдандым алтын ба деп талайынан.
Аруым алтын едi...
Мысқа айналды,
Бiр кезде дəм таттырған «бал айынан».
Мұң болып сүю түгiл iш тартуым,
Айналып кете барды мысқа алтыным.
Мен бүгiн баққа жалғыз барып жүрмiн,
Қыз емес, ұғынуға құстар тiлiн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу