Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  121


Автор: Исраил Сапарбай

Бұл жерде болмаса да халық бөтен

Бұл жерде болмаса да халық бөтен,
Мен сенi алыс жаққа алып кетем.
Ол жақта Еңлiк пен Кебектейiн
Өмiрдiң өткiземiз бөлек тойын.
Қаланып тау мен тастан Сарайымыз,
Өтедi оңашада бал айымыз.
Айналып ақ жiбекке ақ түнiмiз,
Қосылар шымылдықта шаттығымыз.
Махаббат мəзiрiнен мазаны алып,
Шығамыз бар күнəдан тазаланып.
Ол жақта болмайды өсек, жала, нала...
Мен – Адам, сен ұқсарсың Хауа анаға.
Ұсынып жанға шипа бұлақ күмiс,
Болады у мен шудан құлақ тыныш.
Күз келiп, көктем көшiп, жаз ауа ма...
Қақтаймыз тəнiмiздi таза ауаға.
Пiр тұтып табиғаттай төл ананы,
Пенделiк iзiм-қайым жоғалады.
Өрбiген бiзден өсiп перiштелер
Гүл үзiп, жұмақжайдан жемiс терер.
Көңiлдi көгендемей көлеңкеге
Екеумiз кетейiкшi сол өлкеге?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу