Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  129


Автор: Исраил Сапарбай

Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп,

Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп,
Күнге сендiм көктемге ұласар деп.
...Сен жөнiңдi айтпайсың ақ жарылып,
Жалбарынып, жалынып сұрасам кеп.
Жайың қалай,
Бiле алмай күйiң қалай
Жан-жүректiң жабырқап, күйiнгенi-ай.
...Көл түбiне шым батып кеттi бiлем
Көк жүзiнде көз сүзiп, қиылған Ай.
Гүлден нəзiк,
Жаным-ау, гүлден ерке,
Көңiлiңе түстi ме бiр көлеңке?
Өкпе-налаң көбейiп кеттi ме əлде
Күрмеуiңе келмейтiн күнге келте?
Қызулы едiк, қалайша мұздап қалдық,
Қашан жауар бауырын сыздатқан бұлт?
Көзiңдегi бiр тамшы жасты көрiп
Жүрегiме түстi ғой жүз батпан жүк,
Жүрегiме түстi ғой жүз батпан жүк...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу