Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  124


Автор: Исраил Сапарбай

Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы

Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы...
Жүк артпашы жүрекке жан аяшы –
Құшағымда жатқанда ес жия алмай
Жиырмасыншы ғасырдың Данаясы!
Арбауына айналар адам басы
Қажет пе едi алтынның маған бəсi –
Құшағымда жатқанда жанып-ысып
Жиырмасыншы ғасырдың Мадоннасы!
Инабаты,
ұлғайып iзгi лебi
Жүз қуанып, жүрегiм жүз күледi –
Құшағымда жатқанда ерiп-балқып
Жиырмасыншы ғасырдың Қыз Жiбегi!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу