👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  9


Автор: Сұраған Рахметұлы

Алыстап барады бұлт қабаттарында

Алыстап барады бұлт қабаттарында,
Архимед шеңбері секілді
Құстар!
Оларға кеңістен жол беріледі тылсымдар
сыбырлап,
Оқиды қанаттарымен соңғы емілені.
Шексіздік синустарындай ауада ұшқан
дыбыстар.
Жапырақ үні ме, кім не біледі?
Сұрақ…
Құрақ бұлттарға құлап, қанатын іледі…
Құстар алыстап!
Сандырақтайды, уақыт жылайды қысқан
ағыстар.
Соңында ұзын денелер,
қалқиды — Айдың табына балқыған қызыл
кемелер.
Архимед шеңбері секілді құстар, ағыстар
ағады!
Тастың бетіне гүрс-гүрс тамады…
Сиясы лағыл қыш қаламұштар!


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы