Өлеңдер ✍️

  13.10.2021
  173


Автор: Омарғазы Айтанұлы

Жүлге

Екі-ауыз сөз екен бұл дүние,
Біріншісін данішпандар айтып кетіпті.
Ендігі қалғаны — екіншісі.
Бірақ, оны да
Шайхы-дәруіштер тәркі етіпті.
Ішіп жіберейінші сол үшін
Бір бакал тарқап кетер ме екен, мысалы
Құмарпаздың ашуы.
Шарап емес, хасам,
Қайда иненің жасуы?
Бір ұшық жіп, ұшықталған
Шебердің сілекейімен,
Сол жіп — біз.
Тепшісең тепші
Бірақ бәрі де сол ескі жүлге –
Бәрі де сол баяғы ескі із.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу