Өлеңдер ✍️

  12.10.2021
  15728


Əкеге сағыныш (еске алу)

_Əкем барда əміршім əулетімде,
Көретінмін тұлғасын тау ретінде,
Арманыңа кешікпей жету үшін,
Тау тұрғаны жақсы ғой жау бетінде,
_Тауым шөгіп, қорғаным құлағаны,
Əкем қайтып анамның жылағаны,
Əкесіз үл-шатырсыз үй секілді,
Жаңбыр жауса төбемізден су ағады,
_Қыршын кеткен жыршының жанашыры-ай,
Азамат жігіт еді санасы бай,
Əкемді қатты-қатты сағынамын,
Сағынбаппын ешкімді дəл осылай!
_Болмайды байлап ұстар шынжырлы бақ,
Жағдайым бірде тасып,бір құлдырап,
Əкесі үйретпепті деген сөзді,
Естіртпеуге тырысып жүрмін бірақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу