Өлеңдер ✍️

  11.10.2021
  116


Автор: Исраил Сапарбай

Өкiнбеймiн бiреудi өпсең де өлiп

Өкiнбеймiн бiреудi өпсең де өлiп,
Өкiнбеймiн өзгеге кетсең де ерiп.
Жазмыштың маған жазған пендесiне
Мен-дағы кезiгермiн көп сенделiп.
Мұң ба екен,
Мұның бəрi уайым ба екен?!
Бүгiнде ойым бөтен, жайым бөтен.
Қойнына қона алмаған қос аққуға
Қол бұлғап қала берер – қайың мекен...
Жабықпа,
жарылқасын бетiңдi алдан.
Өткен күн өшкен, көшкен секiлдi арман...
Болар-ау бəрi де ұмыт,
Амалым не,
Аяймын махаббатты жетiм қалған.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу