Өлеңдер ✍️

  11.10.2021
  105


Автор: Исраил Сапарбай

Базары қызық бал күннен

Базары қызық бал күннен
Қаламай жүрiп гүл өзге
Қалайша суи қалдым мен
Өзiңнен, қалқам, лезде?
Өзгердiм қалай тосыннан,
Кiнəлi, айтшы, кiм бұған?
Көрем бе жақын досымнан,
Көрем бе жақын құрбымнан?
Суынды көңiл тез неге,
Тəттiге тойынғаннан ба?
Аңсарым ауып өзгеге,
Өзгеде ойым бардан ба?
Мезгiлсiз солып гүл – өңiң,
Өткен бiр күнге кектенiп,
Өзiң де менi, бiлемiн,
Өлердей кеттiң жек көрiп!
Жүрсең де налып жалғанға
Өзгеше ғажап өрсiң-ау!
Мен жайлы сұрай қалғанға
«Дон-Жуан едi», – дерсiң-ау.
Мазаққа душар болған жан
Азапқа қалай көнсiн-ау?!
Мен жайлы сұрай қалғанға
«Қатыгез едi», – дерсiң-ау...
Керек пе, əлде, өзгеше ем,
Суынды неден бұл көңiл?
Себебiн өзiң сезбесең,
Бiлмедiм, қалқам, бiлмедiм...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу