Өлеңдер ✍️

  11.10.2021
  136


Автор: Исраил Сапарбай

Жасыл бақ, жапырағына Айды ораған

Жасыл бақ, жапырағына Айды ораған,
Жас гүлзар. Жауқазын гүл жайған алаң.
Ақсаумал самал есiп айналадан,
Шашыңды торғын торы аймалаған
Сол бiр кеш менiң есiмде.
Көз қанып көркем, гөзəл көрiнiстен,
Күдiктен гөрi сенiм болып үстем,
Елжiреп, егiз жүрек ерiп iштен,
Бақыттың бал шарабын бөлiп iшкен
Сол бiр кеш менiң есiмде.
Жылаған,
Жұбана алған,
Қуана алған.
Жасарып, жанаттанып мына жалған.
Ақ сезiм,
Айнымасқа шуақ – арман,
Ай, жұлдыз аспандағы куə болған
Сол бiр кеш менiң есiмде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу